Есенбай Есенжолұлы Белгібаев (1942 ж. т., қазіргі Индер ауданы, Манаш а.) - инженер-механик, мемлекет қайраткері.

Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1957-92 ж. Семей қаласында жүргізуші, Қызылорда облысының жол құрылысы тресінде механик, аға шебер, шеберхана бастығы, жол басқармасы және автобаза бастығы, трест басқарушысы, облыстық автожол басқармасының, жол құрылысы бірлестігінің бастығы 1992-95 ж. «Қазақселезащита» өндірістік бірлестігінің бастығы болды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің (12-шақырылған), ҚР Парламенті Мәжілісінің (1995-99) депутаты болып сайланды.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1 «Құрмет» (1990) орденімен марапатталған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің I шақырылымының депутаттары