«Аңшы бала» — 2012 жылы шыққан Қазақстандық балалар экшн фильмі.

Жетістіктері Голливудте 2012 жылы International Family Film Festival (АҚШ) халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік шетел драмасы» Египетте 2012 жылы Каир балалар кинофестиваліне ресми қатысушы. «Киномалышок-2012» XI балалар кинофестивалінде (Анапа, Ресей) «Ең үздік балалар фильмі» гран-приі Қазақстанның ең үздік балалар киносы, «ҚҰЛАГЕР-2012» ұлттық кинопремиясы. 2013 жылы 18-24 қазан аралығында Ресейдің Иркутск қаласында өткен ІІ Халықаралық "Сердце Байкала" отбасылық және балалар фильмдерінің кинофестивалінде "Балалар мен жеткіншектерге арналған үздік фильм" атанды"Аңшы бала" Ресейде үздік балалар фильмі атанды Сюжеті Он екі жасар қалалық бала Қамбарды ата-анасы жазғы демалыста атасы мен әжесіне жібереді. Бала ауылда ойдағыдай демалып жатады. Самал және басқа да өзімен жасты балалармен танысу, өзенде шомылу, түнгі алау отына пісірілген картоп, жұлдызды аспан астындағы қорқынышты әңгімелер. Түндердің бірінде қашарға қасқыр шабуылдап, Самал асырап жүрген лақты өзімен алып кетеді. Қамбар қасқырды өлтірмек болады. Ересектер тойға кеткенде, ол Самалмен бірге қасқырды аулауға шығады.

Сыртқы сілтемелер Киностан сайтында "Аңшы бала" фильмінің тұсауы кесілді Жаңа қазақстандық "Аңшы бала" фильмі прокатқа шығады Lumiere сайтында Kinomega сайтында

Дереккөздер

Санат:Қазақстан фильмдері Санат:2012 жылғы фильмдер Санат:2012 жылғы Қазақстан фильмдері