Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.

Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы.

Қанаттың Лондон олимпиадасына қатысуына Қытай тарапы қарсылық көрсетті. АИБА бұл мәселені қарастырып, Қанатқа Қазақстан атынан сайысқа түсуге рұқсат берді. Алайда Қанат ұлттық құрама команданың бапкерлерінің тарапынан қолдау таппады. Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Өзінің бокстағы өмірін кәсіби бокспен байланыстыруда. АҚШ промоутерлерінен де бірнеше шақырту алғандығын хабарлады.

Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.

Қазіргі таңда: WBA БОЙЫНША 1- ОРЫН, IBF БОЙЫНША 3- ОРЫН, WBO БОЙЫНША 2- ОРЫН, Ал жалпы есеп BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында тұрақтаған .

Кәсіпқой бокс Қанат 2012 жылы Арландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті: Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген. Даниэдь Веатон (Ла-Рамано қаласы, 28 қыркүйек), Анеиди Матрес (2 қазан) Модесто Феликс (Санто-Доминго, Қазанның 18-і) Нелсидо Мигуэль (нокаутпен, 29 қазан). Хосе Антонио Родригес (үшінші раундта тоқтатылып нокаутпен, қарашаның 10-ы) Сегунда Херрера (екінші раундта жеңді, Богота, қарашаның 24-і). Реиналдо Эскуивиа (алтыншы раундта таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 3) Хумберто Толедо (бірінші раундтың 32 cекундтында есінен тандырып таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 16) Алексис Мартинес (екінші раундта таза жеңіс, АҚШ, Майями, сәуірдің 7) Майами қаласында жаттығады. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек.

Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы "жеңілмейтін қабылан" деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады.Қанат Ислам жетінші жолы колумбиялықты жеңді Биылғы жылы яғн 2019 жылдың 5- шілдесінде Қазақ елінде өткен жекпе жегінде қарсыласын 14 секундта сұлатып салып WBO Inter-Continental sper welterweight титулын жеңіп алды. Бұған дейін бокс патшасы атанған Майк Тайсон қарсыласын 13 секундтта құлатқан екен,бұлда қазақ үшін аса үлкен бедел мен жеңістің бірі болмақ. Айқастар

27 жеңіс (21 нокаут), 0 жеңіліс, 0 тең Нәтиже№ҚарсыласыТипіраунд,уақытжыл.ай.күнӨткен орыныШағын ескертпе27Жеңіс27-0Намибия Walter KautondokwaUD102019-10-25 26Жеңіс26-0 Julio De JesusKO1 (12), 2019-07-05 25Жеңіс25-0 Brandon CookTKO9 (12), 2017-09-09 ;24Жеңіс24-0 Noberto GonzalezUD122017-05-26 23Жеңіс23-0 Robson AssisKO1 (10), 2016-02-17 22Жеңіс22-0 Patrick AlloteyUD10 ;21Жеңіс21-0 Juan De AngelTKO6 (10), 2016-05-08 20Жеңіс20-0 Jonathan BatistaTKO1 (10), 2015-11-07 19Жеңіс19-0 Orlando de Jesus EstradaTKO4 (12), 2015-03-23 18Жеңіс18-0 Fidel Monterrosa MunozKO5 (8), 2014-08-07 17Жеңіс17-0 Francisco CorderoRTD3 (12), 2014-05-23 16Жеңіс16-0 Basilio SilvaDQ6 (10), 2013-12-16 15Жеңіс15-0 Emilio Julio JulioKO3 (12), 2013-11-29 14Жеңіс14-0 Junior RamosRTD1 (10)2013-11-09 13Жеңіс13-0 Jose Antonio RodriguezRTD1 (8)2013-05-10 12Жеңіс12-0 Eduardo Flores102013-04-26 11Жеңіс11-0 Jose Vidal SotoKO1 (8), 2013-04-19 10Жеңіс10-0 Yolexcy Martinez-LeivaTKO2 (10), 0:312013-04-06 9Жеңіс9-0 Joselito del Rosario2 (10), 2013-03-23 8Жеңіс8-0 Humberto ToledoKO1 (10), 2012-12-157Жеңіс7-0 Reynaldo Esquivia TKO5 (6), 2012-11-30}} 6Жеңіс6-0 Felipe PoloKO3 (6), 2012-11-24 5Жеңіс5-0 Jose Antonio Rodriguez 3 (6)2012-11-10 4Жеңіс4-0 Nelsido Miguel Agramonte TKO1 (6), 2012-10-29 3Жеңіс3-0 Modesto Felix TKO1 (6), 2012-10-18 2Жеңіс2-0 Aneudy Martes 2 (4), 2012-10-02 1Жеңіс1-0 Daniel Beato3 (4), 2012-09-28

Дереккөздер

3 Қанат Ислам 14 секундта жеңіске жетті---- Ең жаңа рекорд болуыда мүмкін

Сыртқы сілтемелер ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН» Қанат Ислам: «Арманым – АҚШ-та жүріп, қазақтың атын шығару» Батырдың көз жасы Қанат неге қапалы? Қанат ИСЛАМ: Кәсіпқой боксқа АҚШ-та дайындаламын Қанат ИСЛАМ: Спортшы ең бірінші кезекте Адам болуы керек ҚАНАТ ИСЛАМ: «ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!» Өзін атажұртында бақытты санайтын саңлақ! (Қанат оқырмандарына жауап берді) Мақсаты – атажұртына адал қызмет ету ҚАНАТ ИСЛАМ: «КӘСІПҚОЙ РИНГКЕ КӨШЕТІН СИЯҚТЫМЫН» Қанатқақты Қанат Ислам: Aiba Қанат Исламның Лондон Олимпиадасына қатысуын қолдайды Aiba-ның қолында! Қанат Ислам: Менің тағдырым Aiba-ның қолында! Бақыт кетеді, Бақтияр келеді. Ал Қанат қайтеді? Қанат ИСЛАМ: Қытайда да Қазақстанды арқаланып жүрдім Қанат Ислам, Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi: Мен – қазақпын! Маған қазақтың намысы қымбат! Нәтижелер деректері Silamu Hanati — фотосурет жиыны.

Санат:Қазақ кәсіпқой боксшылары Санат:1984 жылы туғандар Санат:Қытайдың Олимпиада қола жүлдегерлері Санат:Қытай қазақтары Санат:Бокстан Олимпиада жүлдегерлері Санат:Астана арландары Санат:Құрмет орденінің иегерлері