Төлеген Жұмақаев (1914 жыл, Қаратөбе ауданы, Шалғын - 1984) - жергілікті басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. Еңбек жолы 1938 жылы Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтын бітірген. 1940 жылы әскерге алынып, генерал Гусевтің атты әскерінде саяси жетекші, эскадрон командирі болған. 1955 - 62 жылдары Қаратөбе ауданында шаруашылық басшысы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, бұдан кейінгі жылдары Жымпиты аудандық ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасын, Тайпақ аудандық партия комитетін басқарған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0

Дереккөздер

Санат:Саясаткерлер Санат:1914 жылы туғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар