Георгий Алексеевич Коростелев (1885 жыл, Самара - 1932 жыл) - мемлекет қайраткері, Қазақ облыстық комитетінің хатшысы (1922-1924).

Еңбек жолы 1905 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Революциялық жұмысқа қатысқаны үшін бірнеше рет қамауға алынып, жер аударылды. 1917 жылы Орынборда Қызыл әскер бөлімшелерін ұйымдастыруға қатысты. 1918 жылы Орынбор әскери - революциялық комитетінің және губерния кеңесі атқару комитетінің мүшесі. Азамат соғысы кезінде Қызыл әскерде саяси жұмыс]жүргізді. 1920 жылы қазанда ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ ОАҚ-нің және оның Төралқасы мүшелігіне сайланды. 1922 - 1924 жылдары РК(б)П Қазақ облыстық комитетінің хатшысы. 1925 жылдан РК(б)П Мәскеу бақылау комиссиясының төрағасы болды. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X

Дереккөздер