Құржаман – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағы жерімен ағады. Ұзындығы 25 км.
Бастауы Бастауын Мұзбел тауының шығысындағы Әйтен ауылы маңындағы сордан алып, Майсор көліне құяды. Су жиналатын алабы 280 км2, орташа тереңдігі 0,7 м.
Гидрологиясы Жағалау беткейінің басым бөлігі жарқабақты. Құржаман саласы - Кішкене. Суы кермек, хлоридті-натрийлі. Мал суаруға жарамайды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі өзендері