Қаржансай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 37 км.
Бастауы Бастауын Қаржантау жотасының батыс беткейінен алып, Келес өзеніне құяды.
Гидрологиясы Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады. Бірнеше ұсақ салалары бар. Аңғары тар шатқалды келген. Суы мал және бау-бақша суғаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қазығұрт ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы