КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы «SAF» болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Мақсатқызы трионы өзінің қол астына алып, топ атауын «КешYOU» деп өзгертті. «КешYOU» тобы продюсер Баян Мақсатқызының ең табысты жобаларының біріhttp://forbes.kz/news/2014/08/04/newsid_64991/. Топтың музыкалық продюсері Мухитденова Бағым Мақсатқызы. Топтың қазіргі менеджері Ләззат Баубек.

Уақыт өте келе топтың құрамы мен стилі өзгерді, репертуарындағы әндері көбейді. 2016 жылы 24 мамыр топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Ол концертте 7 солистка «Қазақ қыздары» әнін бірге орындады. 2019 жылы «КешYOU» тобының 13 жылдық мерекесіне арналған 13 солистка қатысқан бейнебаян шықты. 2021 жылы «Qazaq TV» арнасында «КешYOU» тобының 15 жылдығына арналған мерекелік концерті көрсетілді. 15 жылдық концертте 11 солистка «Қазақ қыздары» әнін жаңа нұсқада бірге орындады. 2024 жылы 5 наурыз Алматы театрында Баян Мақсатқызының бірінші «Queen» шоуында КешYOU және экс-солисткалар өнер көрсетті. 2025 жылы 12-наурыз Астана балет театрында өткен Баян Мақсатқызының екінші «Queen» шоуында КешYOU 9 солисткасы «Әдемі қыз» әнін жаңа нұсқада бірге орындады. Топтың мерейтолық іс-шараларына әрқашан экс-солисткалар қатысады.

«КешYOU» тобының қазіргі құрамы 2024 жылдың сәуірінен бастап топта Ләззат Сұлтанова, Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева ән айтады. Топқа жаңадан келген Диана Қожагелдина, Сагдиана Бұхарбаева 2024 жылдың қаңтар айынан резервте дайындалған. Бұл құрам 2024 жылдың мамырында Лос-Анджелес қаласында әлемге әйгілі рэпер Снуп Доггпен бірге бейнебаян түсірді. 2024 жылдың маусымында Милуоки қаласында КешYOU тобы Снуп Доггпен бірге концертте ән айтты. 26.07.2024 Снуп Доггпен бірге түсірген «Forever sunday» бейнебаяны шықты.

Топтың тарихы КешYOU заманауи поп, патриоттық, қазақи ұлттық, лирика, рэп, рок, той, ретро, регги бағыттарында ән айтады. Әртүрлі жанрларда ән айтатын музыкалық топ Қазақстандағы «Ең үздік қыздар тобы» болып саналады. «КешYOU» тобында басынан ұзақ уақыт жұмыс жасаған, ардагер мүшелері: Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова. «КешYOU» тобы тек Қазақстанда емес, Түркия, Ресей, Қытай, Франция, Германия, АҚШ, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінде де өнер көрсеткен. КешYOU көп рет Қазақстан Республикасы президенті қатысуымен өткен салтанатты концерттерде ән айтқан. Топтың бұрынғы директорлары: Әділжан Юсупов, Назым Басқынбаева, Досым Басқынбаев. Назым Басқынбаеваның топқа өте көп еңбегі сіңген. Топқа сахналық образ киімдерін Аида Кауменова, Назым Қарпықова, Наиль Байкучуков, Леонид Жеребцов, Берік Ысмайылов, Ая Бапани, Арзубек Вонама, Айпери Обозова, Рафаэль Ромен, Жұмабек Елеуов, Жанайдар Женисбеков және т.б. дизайнерлер дайындаған.

2006-2008

2006-2007 жылдары КешYOU(Әнел, Зумрад, Мөлдір) орыс тіліндегі әндерді орындайтын. Топтың фотосессия суреттері Баян Мақсатқызының «Shine magazine» журналында жарияланатын. Кейін Зумрад Гараеваның келісімшарты аяқталып, ол топтан кетті. 2008 жылы жаңа солистка Аида Смағұлова келгеннен кейін топ қазақ тіліндегі алғашқы бейнебаян шығарды. «Арман-ай» әнін Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Байлы жазған. Әнел, Мөлдір, Аида құрамы өте аз уақыт болды.

2008-2011

Аида Смағұлованың орнына 2008 жылдың мамыр айында топқа Наиля Заитова келді. 2010 жылдың маусым айында КешYOU(Әнел, Мөлдір, Наиля) Түркияның Денизли қаласында болған «Türkçevizyon-2010» ән фестивалінде «Сүгірдің термесі» әнін түрік тілінде айтты. Одан кейін Наиля Заитова топтан кетіп, орнына Кәмшат Жолдыбаева келді. 2010 жылдың тамыз айында КешYOU(Әнел, Мөлдір, Кәмшат) Шәмші Қалдаяқовтың 80-жылдығына арналған халықаралық «Менің Қазақстаным!» ән фестиваліне қатысты. 2010 жылдың қыркүйек айында КешYOU(Әнел, Мөлдір, Кәмшат) Қырымдағы 42 ел қатысқан «Шығыс базары-2010» халықаралық ән байқауын жеңді. 2011 жылы наурызда Баян Мақсатқызы ұйымдастырған республикалық алғашқы «Қазақ аруы-2011» сұлулық байқауын КешYOU(Әнел, Мөлдір, Кәмшат) «Гәкку» әнімен шымылдығын ашты. Кейін Кәмшат Жолдыбаева топтан кетіп, орнына Айдана Меденова келді. 2011 жылы топтың солисткасы Мөлдір Әуелбекова продюсері Баян Мақсатқызымен бірге «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильмінде басты рөлде ойнады. 2011 жылы КешYOU(Әнел, Мөлдір, Айдана) Қытайда «Сүгірдің термесі» әнін айтты. 2011 жылдың желтоқсан айында КешYOU(Әнел, Мөлдір, Айдана) «Ел арна» ұйымдастырған республикалық «Саз әлемі-2011» байқауының финалына жетіп, «Үздік қыздар тобы» атағын жеңді. Баян Мақсатқызының «Ғашық жүрек-2 или Коктейль для звезды-2» фильмінен кейін 2012 жылы ақпан айында Мөлдір Әуелбекова, Әнел Әрінова топтан кетіп, Кәмшат Жолдыбаева қайтып келді және жаңадан Жанар Дұғалова қосылды.

2012-2014

Топтың алтын құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова. 2012-2014 жылдары болған алтын құрамның хит әндері өте көп. Бұл құрамның 4 хит әнінің музыкасының авторы Жанар Дұғалова. 2012 жылдың мамыр айында «КТК» телеарнасы ұйымдастырған «Mamma mia» бағдарламасының Түркияда өткен финалында КешYOU(Кәмшат, Айдана, Жанар) өнер көрсетті. 2012 жылдың маусым айында КешYOU(Кәмшат, Айдана, Жанар) Париж қаласында болған «Қазақстанның Франциядағы мәдениет күндері» концертіне қатысты. 2012 жылы алтын құрам Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының 20-жылдығына арналған концертіне қатысты. 2012 жылы алтын құрам АҚШ-тағы Флорида университетінде ән айтқан. Топта болған кезде үш солистка да 2012 жылы «Ел арна» телеарнасында шыққан Баян Мақсатқызының «Ғашық жүрек» телехикаясына түскен. Алтын құрам Ресей әншілерімен бірге «Добрый вечер, Казахстан!» бағдарламасына қатысқан. 2013 жылы маусым айында Айдана Меденованың ауырып қалуына байланысты уақытша құрам (Кәмшат, Жанар, Әнел) Атырау, Ақтау қалаларында өнер көрсеткен, ал Айдана Меденова денсаулығы жақсарғаннан кейін қайта оралды. Кәмшат Жолдыбаева топта болған кезде 2013 жылы «Ел арна» телеарнасында шыққан Баян Мақсатқызының «Тракторшының махаббаты» телехикаясында басты рөл сомдады. Алтын құрам көптеген отандық премияларды жеңген. 2014 жылы «Айгөлек» балалар байқауында алтын құрам топтың болашақ солисткасы Ләззат Сұлтановамен бірге «Ризамын» әнін орындаған. 2014 жылы шілде айында Жанар Дұғалова жеке солоға кетіп, топқа Мөлдір Әуелбекова қайтып келді, бірақ бұл құрам 3 ай ғана жұмыс жасады. 2014 жылы қыркүйек айында Мөлдір Әуелбекова топтан екінші рет кетті. 2014 жылы күзде топқа жаңадан Жұлдыз Өмірғали қосылды. Бұл құрам 4 ай ғана болды. 2015 жылы Айдана Меденова Алишер Нуржановқа тұрмысқа шықты, ал Кәмшат Жолдыбаева жеке шығармашылығын бастады.

2015-2016

2015 жылы ақпан айында Баян Мақсатқызы жаңа құрамды(Жұлдыз, Ақбота-Нұр, Балжан) көрсетті. Алдыңғы экс-солисткалармен салыстырғанда бұл құрамдағы қыздардың жасы кіші болды. 2015 жылдың наурыз айында Жаңаөзен қаласындағы тойда уақытша құрам(Жұлдыз, Балжан, Кәмшат) ән айтқан. Қытайлық «Showbiz» журналы 2015 жылы Азияның үздік ТОП-50 girls band тізімінің 42-орнына КешYOU тобын орналастырды. Бұл тізімге Қазақстаннан және Орталық Азия елдерінен тек КешYOU ғана енген. Жұлдыз, Ақбота-Нұр, Балжан құрамы отандық премияларда жеңген және топтың 10 жылдығы концертінде барлық әндерді осы құрам орындады. Топта жүрген кезде Ақбота-Нұр Сейтмағамбет 2016 жылы Дәурен Айдарқұловпен бірге «Гламур для дур» фильмінде басты рөл ойнады. Жұлдыз Өмірғали топта болған кезде «Хабар» телеарнасында шыққан Баян Мақсатқызының «Қазақ аруы» телехикаясында басты кейіпкердің қарсыласы рөлін ойнады. 2016 жылдың желтоқсан айында «КТК» телеарнасы көрсеткен «Наша правда» бағдарламасының жаңа жылдық шығарылымында Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болмады. Ол шығарылымға тек Жұлдыз Өмірғали және Балжан Бидаш екеуі ғана қатысты. Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығуына байланысты 2016 жылдың соңында топтан кетті.

2017-2018

2017 жылы қаңтар айында топты «Shaanxi TV» телеарнасы Қытайға Жаңа жыл фестиваліне шақырды. Сиань қаласындағы фестивальде уақытша құрам(Жұлдыз, Балжан, Элизат) «Ризамын» әнін және қытай тіліндегі әнді орындаған. Осыдан кейін Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығуына байланысты Жұлдыз Өмірғали топтан кетеді, бірақ алдағы уақытта ол екі рет уақытша оралады. Топқа Жұлдыз Өмірғали орнына Сара Амангелді және Назым Әбілдина келді. Осылай топ триодан квартетке айналды. 2017 жылдың ақпан айында Баян Мақсатқызы квартетті(Балжан, Элизат, Сара, Назым) көрсетті. Бұл құрам Санкт-Петербургтегі қазақтардың Наурыз мерекесі концертінде өнер көрсеткен және Ресей әншілерімен бірге «Добрый вечер, Казахстан!» бағдарламасына қатысқан. Квартет Қырғызстан елінде де ән айтқан. Квартет құрам 8 ай ғана болды. 2017 жылдың қыркүйек соңында Сара Амангелді өз еркімен топтан жеке солоға кетті. Бұдан кейін 2017 жылы тамыз айында түсіріліп қойылған «Махаббат баяны» бейнебаянынан Сара Амангелдінің дауысы және ол бар кадрлар алынып тасталды. Бұл бейнебаян Сара Амангелдісіз 2017 жылдың 1 қарашасында шықты. Топ квартеттен қайта триоға айналды, бірақ бұл құрам 8 ай ғана болады. Элизат Берікова топта болған кезде Баян Мақсатқызының «Сиситай» фильмінде ойнады. 2018 жылы КешYOU(Балжан, Элизат, Назым) рэпер Baller-мен бірге көп өнер көрсетті. 2018 жылы шыққан YouTube желісіндегі «Swala La La» бейнебаяны топ тарихында ең көп қаралым жинады. 2018 жылдың сәуір айының соңында Элизат Берікова тұрмысқа шығуына байланысты топтан кетті. Жұлдыз Өмірғали топқа уақытша қайтып келеді. Уақытша құрам(Балжан, Назым, Жұлдыз) Аққайнар ауылындағы концертте, Қарағанды қаласындағы тойда ән айтты. 2018 жылдың мамыр айында топқа «Қазақ аруы-2018» байқауында Айдана Меденовамен дуэтте ән айтқан Ақбота Құрманғали келді. Назым Әбілдина топта жүрген кезде 2018 жылы «КТК» телеарнасы көрсеткен Баян Мақсатқызының «Оралу. Сау бол, Америка» телехикаясында басты рөл сомдады. Бұл телехикаяда уақытша құрам(Балжан Бидаш, Ақбота Құрманғали, Жұлдыз Өмірғали) ауылда концерт берді. 2018 жылдың соңында топтың «Swala La La» бейнебаяны Қазақстан бойынша қаралымы ең көп ТОП-5 бейнебаян қатарына енді. Осыдан кейін үш солистка да топтан кетті. Балжан, Назым, Ақбота құрамы 8 ай ғана болды. Балжан Бидаш пен Назым Әбілдина жеке шығармашылығын бастады, ал Ақбота Құрманғали Садриддин Ахмедовке тұрмысқа шықты.

2019-2024