Қотыр – Кент тауларындағы тау сілемі.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Қадыр өзенінің оң жағасында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 5 – 6 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Ең биік жері 1188 м.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Беткейлері тік, жыралармен жиі тілімделген. Солтүстік жағында тік жартаспен шектеледі.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында көде, жусан, тобылғы өседі. Аласа қараған шоғырлары, қайыңды-көктеректі тоғай мен әр түрлі шөп өскен шалғын кездеседі. Қотыр тауының оңтүстік беткейінен Қадыр өзені бастау алады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары