Омар Сыздықов (1936 жыл 1 ақпан, Оңтүстік Қазақстан, Арыс) – педагогика ғылымдарының докторы (2002). ҚР педагогика ғылымдары (2005) және Халықаралық ақпараттандыру академияларының (2003) академигі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1970).

Еңбек жолы 1963 жылы Ташкент политехникалық институтын бітірген; 1959-1963 жылдары Кентау экскаватор зауытында цех бастығы; 1963-1969 жылдары Ащысай түсті металл комбинатында инженер; 1969-2005 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) оқытуышы, аға оқытушы, доцент, профессор; 1974-1979 жылдары Алматы металл өңдеу зауытының директоры болды; 2005 жылдан Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері «Болашақ инженерлердің кәсіптік-технологиялық даярлығын жетілдірудің дидактикалық негіздері» тақырындағы докторлық диссертациясы; 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Педагогтар Санат:Қазақстан ғалымдары