Мишель Клуни (, 7 қараша 1969) — америкалық актриса және биші. Айырықша "Близкие друзья" (2000-2005) сериалындағы Мелани Маркус және "Гимнастки" (2009-2011) сериалындағы Эллен Биллс рөлдерімен танымал.

Өмірбаяны Мишель Рене Клуни 1969-шы жылы, қарашаның 7-сі Ақш, Орегон штаты, Портленд қаласында дүниеге келген. Портлендтегі"Кәсіби балет академиясы"-нда оқыған, содан актриса болу үшін Лос-Анжелеске көшеді. 1993-ші жылы кинода шығармашылығын бастайды. 1996-шы жылы «Eraser: Turnabout» ойынында Грейс Свонсонды дыбыстайды.

Мишель өмірінің көп бөлігін театрда өткізген. "Драма Лог" премиясын «Эрос» қойылымындағы ең жақсы актриса ретінде жеңеді. «Скорая помощь», «Доктор Хаус», «Ищейка», «Менталист», «Обмани меня» сияқты сериалдарда ойнаған. Сонымен қатар, «Последняя пятница. Джейсон отправляется в ад», «Подозрительные лица» киноларында рөлдер сомдайды. 2008-ші жылы «Leaving Barstow» фильмі бойынша,«Breckenridge Festival of Film» «Best of the Fest» сыйлығының "Ең жақсы актриса" номинациясының иегері болады.

Жеке өмірі 1989-шы жылдан бері режиссер Брайаном Сингермен бірге. Олардың Дашиэлл Джулиус Уильям Клуни-Сингер атты ұлдары бар.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер