Эмма Хеминг-Уиллис (; 18 маусым 1978, Мальта) — ағылшын актрисасы және фотомодель.

Өмірбаяны Эмма Хеминг 1978 жылдың 18 маусымында Мальта елінде дүние есігін ашып, Англия және АҚШ-тың Калифорния штатында өсіп, білім алған. Актриса және фотомодель карьерасын 2001 жылы бастайды. Канадалық La Senza фирмасында жұмыс жасап, ішкі киімдерді жарнамалаған болатын. 2005 жылы Maxim журналы Эмманы 100 ең келбетті әйелдер қатарына жатқызған. Herve Leger, John Galliano, Paco Rabanne, Christian Dior, Chanel, Maska, Thierry Mugler, Valentino, Emanuel Ungaro, Ralph Lauren, Victoria`s Secret сәнді маркалардың көрсетілімдеріне қатысқан.

Жеке өмірі 2009 жылдың 21 наурызынан Эмма Брюс Уиллистің әйелі болып саналады. Екеуі үйленгенге дейін 15 ай шамасында кездескен. Олардың екі қызы бар: Мейбел Рей (2012), Эвелин Пенн (2014).

Фильмографиясы 2001 - The Victoria's Secret Fashion Show - Өз-өзін ойнайды 2001 - Perfume - №3 модель 2006 - Entourage - Клубтағы қыз 2007 - Perfect Stranger - Донна 2007 - The Comebacks - Меган

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Profile of Emma Heming Fashion Model Directory сайтында

Bruce Willis Puts Official Seal on Marriage Yahoo News, наурыз 28, 2009

Fashion Model – Profile of FMD – Emma Henning

Санат:18 маусымда туғандар Санат:Мальтада туғандар Санат:Англия фотомодельдері