Нұра – Арысқұм кұмды алқабының солтүстігіндегі аласа таулы жота.

Геологиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының оңтүстігінде, Байқоңыр аулынан оңтүстікке қарай 105-110 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 278 м (Итауыз тауы). Жота оңтүстік-батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 40 км-ге созылып жатыр, орташа ені 8-10 км.

Геологиялық құрылымы Солтүстік беткейі біршама тіктеу келген, оңтүстігі көлбеуленіп, Сандықтау тауы аралығындағы Тұрмақансай қонысына ұласады.

Жер бедері Жер бедеріне карсттан пайда болған ойықтар мен қуыстар тән. Солтүстігінен Қалмаққырылған және оның саласы - Бозінген өзені ағып өтеді. Жаз айларында құрғап қалады.

Өсімдігі Борпылдақ бозғылт сұр, сұрғылт топырақ жамылғысында қуаң далаға тән баялыш, күйреуік, жусан, ебелек, көде, бұйырғын, т.б. шөптесіндер өседі.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары