Сатук Бограхан Абдулкарим (Абд әл-Кәрім) (915-955) – Қарахан мемлекетінің билеушісі. Арслан хан Базирдің баласы. Ол Қарахан әулетінде бірінші болып ислам дінін қабылдады. Самани әулетінің қолдауымен нағашысы, бас қаған Огулчарак Қадыр ханға қарсы шабуыл жасады. 942 ж. баласағұнды «сенімсіз түріктер» басып алды. С.б. А. Көп кешікпей Баласағұнды қайтарып, Қашғарды да өзіне қаратты. Оның баласы Арслан хан Байташ Құса 960 ж. исламды Қарахан қағандығының мемл. діні деп жариялады. Мұса исламды қорғау мақсатында Хотан мен Амударияға дейін кеңейтті. Оның өмірін суреттейтін «Тазкира-иБағрахан» атты еңбек жазылған. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев