«Фавн лабиринті» (, ) — 2006 жылы испан-мексикалық қараңғы фантастикалық фильм.

Сюжеті Фильмде 1944 жыл суреттеледі. Испанияда азаматтық соғыс жүріп жатыр, партизан жасақтары фашистерге қарсы ормандарда күресуде. Бас кейіпкер, Офелия атты 10 жасар қыз аяғы ауыр анасымен бірге өгей әкесі капитан Видальдың әскери лагеріне келеді. Қатал да қатігез, менмен Видаль Офелияны ә дегеннен жақтырмайды. Әскери орта, Видальдың тәкаппарлығы, анасының төменшіктеп, шетқақпайлай беруі кішкентай қыздың көңілін жаралайды.

Осы кезде ол лагерьдың маңындағы ескі лабиринт үйінділерін кездестіреді.

Бірде түн ортасында Офелия өзін оятқан кішкентай қанатты адамның соңынан еріп лабиринтке келіп кіреді. Қанатты адам оны лабиринттың иесі Фавнға әкеліп жолықтырады.

Фавн Офелияның сиқырлы патшалықтың ханшасы екенін, көп жыл бұрын жоғалып кеткенін айтады және патшалыққа қайта оралуға ұсыныс жасайды. Тек ол үшін алдымен жаңа ай тумай тұрып үш сынақтан өту керектігін жеткізеді. Офелия келіседі…

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Мексика драма-фильмдері Санат:Испания драма-фильмдері Санат:Гильермо дель Торо фильмдері