Джеймс Ремар (, Бостон, Массачусетс) — америкалық актёр. «Үлкен қаладағы секс» сериалында Ким Кэттроллдың жігітінің рөлін иеленіп танымал атанған. «Декстер» сериалында Гарри Морганның, «Mortal Kombat: Annihilation» фильмінде Рейденнің рөлін ойнауы да оның әйгілі болуына септігін тигізеді.

Өмірбаяны Ремар 1953 жылғы 31 желтоқсанда Бостон қаласында дүниеге келген. Мектебін бітірмей, рок-группамен турнеге аттанады. Алайда, біраз уақыт өткен соң туған қаласына қайтып, аттестатты қолына алады. «New York's Neighborhood Playhouse» театрында актерлік шеберлікке үйренген. 1975–2000 жылдары көптеген фильмдерде түскен. Мысалы: «Жауынгерлер» (фильм, 1979), «48 сағат» (1982), «Клуб «Коттон»» (1984), «The Clan Of The Cave Bear» (1986), «Boys on the Side» (1995), «What Lies Beneath» (2000). 2006 жылдан «Декстер» сериалында басты рөлдегі адамның әкесін ойнады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер