Галин Михаил Петрович (8.11.1918 жылы, Ресей, Челябі қаласы — 1998 ж., Рудный, Қостанай облысы) — екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, рота командирі, Қызыл әскердің гвардия капитаны, Кеңес Одағының Батыры (1945). Ұлты - орыс.
Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылды. 1941 жылдың қазан айында майданға жіберілді. Үш рет жараланды. Капитан Галин басқарған 2-мотоатқыштар батальонының (1-Украина майданы, 4-гвардиялық танк армиясы, 6-гвардиялық механизацияланған корпусы, 17-механизацияланған гвардиялық бригадасы) пулемет ротасы 1945 жылы Потсдам қаласына шабуыл жасаған сәтте пулеметтен оқ жаудырып, басқа бөлімшелерге қолдау көрсетті. Шайқас кезінде 5 атыс нүктесін, көптеген жауынгерлерін жойып, 1 зениттік қондырғыны қолға түсірді. Осы ұрыста Галин ауыр жарақат алып, госпитальға жіберілді. Жасаған ерлігі үшін Галинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.6.1945). Соғыс аяқталғаннан кейін запасқа шықты. Ленин, Қазан революциясы, бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 739 бет.ISBN 9965-893-73-Х.
Дереккөздер
Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Тарихи тұлғалар