Қыземшек – Күнгей Алатау жотасының солтүстік беткейіндегі таулы массив.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Шілік өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 4032 м. Солтүстіктен оңтүстіккке қарай бойлық бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 6 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы протерозой және каледон қатпарлығы кезінде көтерілген. Тау сейсмикалық ауданға жатады.
Жер бедері Көлбеу беткейлері кең өзен аңғарлары мен төбесі күмбез тәрізді жоталар жоғары қарай біртіндеп құлама беткейлі шатқалдар мен үшкір шыңдарға ұласады. Жоғарғы белдеулерінде тектоникалық және мореналық шағын көлдер кездеседі. Тау беткейлерінде Құтырған, Талды өзендерінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Солтүстік бөлігінде шырша, қарағай, өзен аңғарларындағы қара, қызғылт қоңыр топырағында альпілік өсімдіктер (шалғын) мен әр түрлі астық тұқымдасы, бұталар өседі. Аңғары мал жайлауы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары Санат:Күнгей Алатау