Қарашоқы – Алмалытау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы және Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2014 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.

Жер бедері Беткейлері тік жартасты, тар өзен арналарымен тілімденген. Солтүстігінде Сұртас шыңы, Сарышоқы, Қорғас, оңтүстігінде Кіші Ойжайлау таулары бар. Таудан Қорғас өзенінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Таудың далалық шалғынды топырағында мүк, қына, гүлді өсімдіктер, қарағай, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы