Қарашоқы – Қаратөбе тауының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Қаражал қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 641 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.
Жер бедері Қырқалы төбелері көлбеулеп жазыққа ұласады. Батысында Бектау, шығысында Шоқымың, оңтүстігінде Жанай таулары орналасқан.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, қылқан селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары