Сейд әзім шируани (9. 7. 1835, Шемаха, – 20. 5. 1888, сонда) – азербайжан ақыны. Діни қызметкердің отбасысында туған. Иракта жоғары діни оқу орнын бітірген. Туған еліне қайтып келген соң, діни лауазымнан бас тартып, өз бетінше жаңаша мектеп ашты да, онда парсы, азербайжан және орыс тілдерін оқыттырды. Ғашықтық-лирикалық ғазелдерінде ол Физули дәстүрін жалғастырды. Сатиралық өлеңдері мен мысалдарында Сейд әзім шируани діндарларды әжуалап, мешеулік пен қараңғылыққа қарсы шықты, халықты мәдениетке үндеді. Замандас ақындар оны өздеріне ұстаз тұтқан.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сейд әзім шируани · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.