Бибі Диқанбайқызы Керімжанова (1920 жыл, Қырғызстан – 1983 жыл) – қырғыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Қырғыз ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1954). Қазақ.
Еңбек жолы 1941 жылы Қырғыз мемлекеттік педагогика институтын бітірген. 1947 жылдан Қырғыз КСР ҒА-нда қызмет істейді, 1950 жылдан бөлім меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері Ол көптеген мақалалар мен 36 ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы. Оның «Ақынның шығармашылық жолы» (1960) «Семетей және Сейтек» (1961) «Қырғыз поэзясының ұйқасы» (1962) «Қырғыз өлең құрылысының кейбір мәселелері» (1961) «Қазан әкелген әдебиет» (1964), және т.б. монографиялары бар. «Қырғыз кеңес әдебиетінің тарихы» (1970) «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы»'атты көп томды еңбек авторларының бірі. Марапаттары ұлттық әдебиеттану ғылымын танытуға сіңірген еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» ордені «Құрмет белгісі» ордені медальдар.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:1920 жылы туғандар Санат:Қырғызстанда туғандар Санат:1983 жылы қайтыс болғандар Санат:Қырғыз әдебиетін зерттеушілер Санат:Қырғыз ғылым академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қырғыз мемлекеттік педагогика институты түлектері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қырғызстан қазақтары