Қызылбиік – Арқат тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Жарықтас ауылының оңтүстік-батысында 22 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 843 м. Батыстан шығысқа қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 2 км.
Жер бедері Беткейі тік шатқалды. Солтүстік-шығысында Бектас бұлағы, оңтүстік-шығысында Сарыбұжыр қыстауы, батысында Құржар қонысы, солтүстік-батысында Көлденеңшоқы таулары орналасқан.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, қызғылт селеу аралас бұталы өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары