Юпитердің ерлігі () — 2015 жылы экранға шыққан фантастика жанрында АҚШ-та түсірілген фильм. Фильмнің продюсерлері және режиссерлері — Лана және Лилли Вачовски. Басты ролдерді Мила Кунис, Ченнинг Татум, Шон Бин және Эдди Редмэйн орындаған.

Сюжеті Фильм фантастика атыс-шабыс жанрында түсірілген. Сюжет желісі бойынша осыдан 100 жылдай бұрын Жер ғаламшары, осы галактиканың ең мықты династиясының өкілдерімен қоныстандырылды. Жерді үш мұрагер билейді. Осы үш мұрагерінің біреуіне - Балемге Жер ғаламшары тиесілі. Бірақ Жер ғаламшарында Юпитер атты қыз өмір сүреді. Юпитердің ДНҚ коды бойынша ол Балем ансысының реинкорнациясы болып табылады. Мұрагерлік заңдылық бойынша Жер оған тиесілі болуы керек. Осы себептен Юпитердің қайтыс болғаны Балемнің таққа отыру үшін міндетті шарт.

Бас кейіпкер: қарапайым еден жуушы - Юпитер Джонс жұлдыздар астында дүниеге келді. Юпитер бой жетіп, әр түні түсінде жұлдыздарды көретін болды. Алайда, таңертең оянғанда кәдімгі өміріне қайта оралатын. Ол еден жуып ақша табатын. Өмірде ештеңе қызық болмаған. Бір күні ол Кейн есімді жігітті кездестіреді. Кейн бұрын әскери «жауынгер» болған. Ол Жерге Юпитерді тауып, оған көмек көрсетеді.

Басты рөлдерді Мила Кунис пен Ченнинг Таттум сомдады. Сондай-ақ, Дуглас Бут, Шон Бин, Эдди Редмэйн, Ванесса Кирби, Терри Гиллиам, Джеймс Д’Арси, Таппенс Мидлтон, Пэ Ду На актерлер де ойнайды.

Рөлдерде Мила Кунис - Юпитер Джонс Ченнинг Татум - Кейн Уайз Шон Бин - Стингер Эдди Редмэйн - Балем Абрасакс Гугу Мбата-Роу - Фэмулус Дуглас Бут - Тит Абрасакс Джо Осмонд - дроид Джеймс Д’Арси - Максимилиан Джонс Ванесса Кирби - Кэтрин Данлеви Кристина Коул - Джемма Чаттерджи Пэ Ду На - Разо Таппенс Мидлтон - Калик Абрасакс

Дереккөздер

Санат:Лана және Лилли Вачовски фильмдері Санат:3-D фильмдер Санат:Фантастикалық атыс-шабыс фильмдер Санат:2013 жылғы фантастикалық фильмдер Санат:2013 жылғы атыс-шабыс фильмдер Санат:2013 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Warner Bros. фильмдері