Құндызды – Обаған алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 1420 км2, суының жылдык ағым көлемі 11 млн. м3.
Бастауы Бастауын Қойбағар ауылы тұсынан алып, Теңіз көліне кұяды. Одан әрі өзен Обаған деп аталады.
Гидрологиясы Ірі салалары: Егінсай, Терісбұтақ, Бұтақ, Қарамырза, Сүйіндік. Жоғарғы ағысында арнасы тік жартасты, Құндызды ауылынан кейін кеңейіп, жайылма пайда болады. Суы қараша айының ортасында қатып, наурыздың соңында ери бастайды. Өзен аңғарының басым бөлігі жыртылған. Алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы өзендері Санат:Обаған су алабы