Қарабұжыр – Сарыжал жотасының солтүстігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Бөке ауылының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан. Шар өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 652 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай доға тәрізденіп 5 – 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Беткейі кедір-бұдырлы бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Шар бөгені, етегінде көптеген қыстаулар орналасқан.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында далаға тән өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары Санат: Қазақстан шоқылары