Виктор Эдуардович Кингисепп (, 24.3.1888, Каарма-СууреТаллин қаласында ескерткіш орнатылады , Эзельск, Лифляндск губерниясы — 4.5.1922, Таллин, Эстония) - Эстония Компартиясын ұйымдастырушылардың және басшыларының бірі.

Сааремада жұмысшы отбасында дүниеге келген. Революциялық қозғалысқа 1905 жылдан қатысты. 1906 жылдан большевиктік партияның мүшесі болды. 1907-1914 жылдар аралығында Петербург, Эстландия губерниясында, Таллинде жасырын партия жұмысын жүргізді. 1913-1914 жылдары оның басшылығымен большевиктік жұмысшы «Кийр» газеті шығып тұрды. 1914 жылы ол тұтқындалып, Қазанға жер аударылды. 1919 жылы Кавказ майданына жіберілді. Ақпан революциясынан кейін Эстонияға қайта оралып, большевиктік ұйымды басқарды. Кейіннен астыртын баспахана ұйымдастырып, үндеу хаттар мен «Коммунист» газетін шығарып отырды. Эстония буржуазиялық полициясына ұсталып, әскери далалық соттың үкімімен атылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том

Дереккөздер

Санат:24 наурызда туғандар Санат:1888 жылы туғандар Санат:Сааремаада туғандар Санат:4 мамырда қайтыс болғандар Санат:1922 жылы қайтыс болғандар Санат:Таллинде қайтыс болғандар Санат:Эстония коммунистері Санат:Эстония революционерлері Санат:Чекистер Санат:Ресей революционерлері Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті түлектері Санат:Өлім жазасына кесілген саясаткерлер Санат:Өлім жазасына кесілгендер революционерлер Санат:Марксистер