Ирвин Лоренс «Пол» Мазурски (; , Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ — , Лос Анжелес) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және актер. «Оскар» сыйлығының төрт дүркін номинанты.

Өмірбаяны Ол Нью-Йорктің Бруклин ауданында еврейTugend, Tom Jewish Journal: "Paul Mazursky, filmmaker, 84" Jewish Journal (July 9, 2014) отбасында дүниеге келген. Әкесі Дэвид Мазурски — жұмысшы, ал анасы Джин (туғандағы тегі — Герсон) би сабақтарында фортепианода ойнаған сүйемелдеуші болған. Мазурскидің атасы Ресей империясының Кобрин қаласынан (қазіргі Беларусь) қоныс аударған иммигрант еді. 1951 жылы Мазурски Бруклин колледжін тәмамдады.

Жеке өмірі Мазурски 1953 жылдан өмірінің соңына дейін кітапханашы әрі әлеуметтік қызметкер Бетси Мазурскимен (туғандағы тегі — Пёрди) некеде болған. Олардың Мег және Джилл есімді екі қызы бар. Мазурски атеист болған.

2014 жылғы 30 маусымда Мазурски Лос Анжелестегі Седарс-Синай медициналық орталығында 84 жасында жүрек-өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:АҚШ дыбыстама актерлері