Кванттық шуыл (орыс. Квантовый шум). Кванттық шуыл сәуле шығарудың дискретті табиғатына байланысты болады. Электромагнит өрісінің кванттық теориясы бойынша сигнал энегриясы кванттап шығарылып, кванттап қабылданады. Мұндағы бір кванттың энергиясы Планк тұрақтысы (Һ) мен жиіліктің (v) көбейтіндісіне hv-ға тең болады. Оптикалық жиілік диапазонда кванттық шуыл жылуық шуылдан анағұрлым артық болып, елеулі орын алады. Лазерде сәуле шығарудың статистикалық табиғатына байланысты шуыл кванттық шуылға жатады. Кванттық шуылдың шамасы пайдалы сигналдың шамасына байланысты өзгеретін болғандықтан, аддитивті бөгелеуге жатпайды. Фоторедактордың шуылы да лазер шуылы сияқты кванттық шуылға жатады. Радиотехника, компьютер және байланыс, Алматы 2007
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Кванттық шуыл · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.