Құммола – Бәле (Бәлі) тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 780 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі тегіс келген. Тау етегінде қорымтастың мол үйінділері шрғырланған. Солтүстігінде Керегетас, оңтүстігінде Қызылтас, батысында Жалпақтау, шығысында Ақшоқы таулары орналасқан.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары