Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылды.

Мекеменің басшысы болып Тамара Дүйсенова, ал бұрынғы министрдің басшысы Салидат Қайырбекова Бірінші вице-министрдің қызметі болып тағайындалды.Министрлік қысқаша мәлімет

Құрылымы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті

Министрліктің негізгі міндеттері Халықтың денсаулығын сақтау; Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу; Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

Министрлікті басқарғандар № Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Лауазымы 1 Ақсұлтан Аманбаев 28 маусым 1991 — сәуір 1992 Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі 2 Ақсұлтан Аманбаев сәуір 1992 — сәуір 1992 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 3 Василий Девятко сәуір 1992 — қазан 1997 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 4 Қырымбек Көшербаев қазан 1997 — қаңтар 1999 Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі 5 Қырымбек Көшербаев қаңтар 1999 — қазан 1999 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі 6 Мария Омарова қазан 1999 — тамыз 2000 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істер жөніндегі агентігінің басшысы 7 Жақсылық Досқалиев тамыз 2000 — қазан 2001 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істер жөніндегі агентігінің басшысы 8 Жақсылық Досқалиев қазан 2001 — 4 сәуір 2004 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 9 Ерболат Досаев 5 сәуір 2004 — 20 қыркүйек 2006 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 10 Анатолий Дерновой 20 қыркүйек 2006 — 20 қараша 2008 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 11 Жақсылық Досқалиев 20 қараша 2008 — 7 қазан 2010 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 12 Салидат Қайырбекова 7 қазан 2010 — 6 тамыз 2014 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 13 Тамара Дүйсенова 6 тамыз 2014 — 25 қаңтар 2017 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Министрліктің ресми сайты

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі