Қорағаты, Құрағаты – Шу өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 172 км, су жиналатын алабы 5840 км2. Ірі салалары: Мөңке, Ащыбұлақ, Үлкен Қайнар, Қызтоғансай, Мақан, Ақермен, Қайыңдысай, Ойранды, т.б.
Бастауы Бастауын Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен алып, Кеңес ауылы тұсында Шу өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Аңғары Құрағаш ауылына дейін жарқабақты, жарлы келген. Орта және төменгі арнасы жазық өңірмен өтеді. Мұнда жағалауы жазық, аңғары кең. Жауын-шашын, қар суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Кеңес ауылы тұсында 3,63 м3/с. Суы егін шаруашылығына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шу су алабы Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы өзендері Санат:Шу ауданы өзендері