Владимир Владимирович Вирчис (, 18 тамыз 1973, Каховка, Херсон облысы, Украин КСР — 28 қаңтар 2022, Киев, Украина) — украиндық кәсіпқой боксшы. Суперауыр салмақ категориясында шыққан.
Кездесулері Вирчис "Аңшы" атағымен шығып, 1999 жылы Андрей Олейникпен өткен жекпе-жектен кейін, кәсіпқой атанды. Алғашқы 20 шайқасының 17-сін нокаутпен бітірді. 2006 жылдың 11 наурызында бірінші рет жеңілген. Сол шайқаста Вирчис Руслан Чагаевқа төрешілер пікірі бойынша жеңілді. 2007 жылдың 19 мамырында Еуропа чемпионы, Паоло Видоцты нокаутқа жіберіп, Еуропаның EBU чемпионы болып атанды. 2008 жылдың 27 қыркүйегінде WBC чемпионы Хуан Карлосқа төрешілердің пікірі бойынша жеңіліп қалды. Осыдан кейін мансабының аяқталғанын жариялады. 2009 жылдың 24 қазанында қайтадан рингке оралды. Ол Эдгарс Калнарсты 6 раундта төрешілердің пікірі бойынша жеңді.
Қызықты деректер Вирчис Украинадағы бір ферманың иесі. Оның ең жақын досы украиндық продюсер — Тимофей Александрович.
Санат:Украина боксшылары Санат:Байков зиратында жерленгендер