Бесарық — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Жаманбай батыр ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде, Бесарық өзенінің төменгі ағысында орналасқан.

Тарихы Ауыл 1999 жылға дейін "Талап" ауылы деп аталған. Ауыл 1962-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Талап» кеңшарының орталығы болған.

Халқы Тұрғыны 1909 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039100.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері