Қызылащы, Қонақай, Айғыржалөзек – Түндік алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км, жалпы ұзындығы 14 км болатын 5 саласы бар.
Бастауы Бастауын Үлкен Айғыржал тауының солтүстік-шығыс баурайындағы бұлақтардан алып, Түндік өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасының жоғарғы жағалауы жартасты, жарқабақты, орта ағысы жарлауытты, төменгі ағысы жазық келген. Арнасында жыл бойы су болады. Алабы мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы