Франс Мазерель (1889 жыл 30 шілде, Бланкенберге, Бельгия - 1972 жыл 4 қаңтар, Авиньон, Франция) - Бельгия график-суретшісі. Бельгия коммунистік партиясының мүшесі. Еңбек жолы 1907-1908 жылдары Генттегі Көркемсурет академиясында оқыды. 1909 жылдан негізінен Францияда тұрды. Газеттерге арналып салынған антимилитаристік суреттер (1917-1920) мен ағашқа түсірілген «Адамның ынтызарлығы», «Қала», «Қарадан аққа»,«Жастық шақ» (1918-1948) гравюраларының авторы. Р. Роллан, Э. Золя, Ш. де Костер, Ст. Цвейг т.б. жазушылардың шығармаларын көркендеумен қатар кескіндеме және сән өнері саласында да еңбек етті. Мазерельдың шығармашылығы соғыс пен буржуазиялық қоғамға қарсы және бостандық, теңдік, бейбітшілік үшін күреске арналды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Суретшілер Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1889 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар