Сэр Теренс Дэвид Джон Пратчетт (), не Терри Пратчетт (; 28 сәуір 1948, Беконсфилд – 12 наурыз 2015, Бакингемшир), — британдық жазушы, Британ империясы орденінің офицері, фэнтезилік «Жазық әлем» () кітап тобының авторы.New Year Honours list 2009.
Шығармалары Терри Пратчетт өзі жасаған Жазық әлемге қалыптасқан қаламгер, белгілі жазушы ретінде келді.Локус журналынан үзінділер 1999 жыл желтоқсан айы. Жазушының қаламгерінен туған алғашқы кітап – «Кілем адамдары» 1971 жылы жарыққа шықты. Оның соңынан «Күннің күңгірт беті» (1976) және «Страта» (1981) оқырманға жол тартты. Бірақ бұл романдардың бірде-бірі бетбұрысты туынды бола алмады. Пратчетт бұрынғысынша газетте жұмыс жасай жүріп, бос уақытында прозаға қол ұратын журналистердің бірі болып қала берді.
Жазушы өзінің бағытын «Сиқырдың түсі» деп аталған әңгімелер жинағынан тапты. Онда сауатсыз сиқыршы Ринсвиндтің зұлым істері жайлы сыр шертетін әңгімелерден құралған хикаяттан көрінді. Кітапта «фэнтези» деген жаңа сөз қолданылып, ол дәстүрлі, салмақты жазылатын романдарға пародия түрінде шығарылған осындай туындылардың анықтамасы бола бастады. Бұл жинақ жақсы сатылып кетті. Соңынан «Сиқырдың түсі» шағын телесериал түрінде де көрінді.
Ол «Би-би-си» арнасының «Әйел сағаты» деген бағдарламасы кезінде көрсетілді. Осының өзі-ақ Пратчетті жұлдызға айналдырып жіберді. Іс жүзінде жазушы оқырманның фантастика тақырыбында қалам тербеп жүрген кез келген қаламгерден күтіп жүрген нәрсесін жасады да қойды.Жаңалық — Рианна Пратчетт — Tomb Raider
Дереккөздер