Қаріп суретшісі дайын белгілер жиынтығымен, яғни графем жүйесімен жұмыс жасайды. Егер суреттің ерекшелігі суретшінің қолтаңбасымен ерекшеленетін болса, онда графема өз алдына «скелет» белгісін көрсетеді, яғни, бір белгіні екіншісінен ажырату мүмкіндігін береді . Белгілі бір графем жүйесін безендіруде қаріптердің ең бірінші, функциональды рөлі, басылым типі және міндеті айқындалады. Бұдан бөлек, қаріп суреті жеңіл оқылу шартына, сол кезеңнің көркемдік талабына және полиграфиялық техникалардың жағдайына да жауап беруі тиіс. Қаріп суретіне оның қайта жаңғыруы – терімдік, формалық және баспа құрылғыларының ерекшелігі әсер етеді. Әр қаріпті оның барлық параметрлері бойынша сипаттайтын қалыптасқан терминология бар. Қаріп гарнитурасы (Type family)терминология бойынша – бұл қаріптер жиынтығы, яғни ортақ стилдік белгілермен біріккен, өлшемі мен сызбасы, сызба соңындағы кертіктің бар жоғы бойынша, бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігі мен қалыңдығына байланысты қолданылатын типографиялық термин. Әріптердің пішіні (Type face) – бұл бас әріптер мен кіші әріптердің, сандардың, арнайы белгілер мен символдардың және тыныс белгілерінің жиынтығы. Қаріп пішіні кез келген гарнитурадан түс қанықтығымен, пропорциямен, контрастымен, белгінің көлбеулігімен (ашық, жартылай қалың, көлбеу, қалыпты, тар және кең) ажыратылады. Түс қанықтығы - бір таңбаның әр түрлі сызбасындағы негізгі және біріктіруші штрихтардың қалыңдығының өзгеруімен анықталады. Аса ашық түстен аса қанық түске дейін өзгере алады (light - ultra bold). Қаріп пропорциясы – бір гарнитурадағы таңбалар енінің өте тар пішіннен өте кең пішінге дейін өзгеруі. Гарнитура мәнінің толық анықтамасын ашу үшін мына екі белгіге де тоқтала кету керек: контраст (түс кереғарлығы) және комплектность (жинақтама). Түстердің кереғарлығы (Контрастность) – қаріптің негізгі белгілерінің бірі, бұл біріктіруші штрихтар қалыңдығы мен негізгі штрихтар қалыңдығының өзара байланысы. Бұл характеристика қаріптердің контрасты емес түрінен аса контрасты түрінен дейін өзгереді. Жинақтама немесе белгілер жиынтығы (басқа терминология бойынша – полиграфиялық алфавит) – бір я болмаса бірнеше тілдегі барлық таңбалар бас әріптер, кіші әріптер, сандар, тыныс белгілер, арнайы таңбалар мен символдар жиынтығы. Қаріптің маңызды белгілерінің бірі – жеңіл оқылуы. Ұзақ оқу кезінде мәтінді оңай қабылдау қаріп графикасына байланысты, сондай-ақ мәтіннің безендірілуіне, жолдардың ұзындығы мен басылымның версткасымен де анықталады.