Ансельмо Лоренсе (1841 жыл 21 сәуір, Толедо - 1914 жыл 30 қараша, Барселона) - испан жұмысшы қозғалысының қайраткері, анархиялық синдакализм идеологтарының бірі. Қызметі Бірінші Интернационалдың Испаниядағы секциясын құруға қатысты. Бірінші Интернационалдың 1871 жылы Лондонда өткен конференциясына делегат болды. Бакуниншілдерге қарсы шықты. Кейінірек, Анархистік интернационал деп аталатын ұйымға және бірнеше анархистік синдикалистік басылымдарды шығаруға қатысты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1841 жылы туғандар Санат:1914 жылы қайтыс болғандар