Лимацидтер - ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне (ұлу, жалаңаш шырыш, т.б.) қарсы қолданылатын химикалық заттар. Қолданылуы Бұлар көбінесе өсімдікке қауіпсіз, зиянкестер терісін күйдіреді. Лимацидтер ретінде метальдегид, сөндірілген әк, суперфосфат, темір купоросы және т.б. қолданылады. Ең күшті сірке альдегидінің полимері - метальдегид. Метальдегидті (2-5%) кебекке қосып егінді орудан 20 күн бұрын шашады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Дәрілер Санат:Егін шаруашылығы Санат:Ауыл шаруашылығы