Григорий Нерсесович Бояджиев - совет театр зерттеушісі және театр сыншысы. Өнер тану ғылымдар докторы, профессор. Ростов университетінің әдебиет бөлімін бітірген. 1929 жылдан театр сынымен шұғылданады. Профессор А.К.Дживелеговтың шәкірті. Онымен бірлесіп жазған "Батыс европалық театрдың шығу тегінен 1789 жылға дейінгі тарихы" атты еңбегі испан, португал және болгар тілдеріне аударылды. Григорий - совет театры мен шетел тетарының шежіресі жайлы ғылыми зерттеудің авторы. Шетел театр достығы қоғамының вице-президенті. 1932 жылдан Мәскеудің Мемлкеттік театр өнері институтында педагог.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары