Нархоз университеті — Экономика, қаржы, менеджмент пен бизнес, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік басқару және құқық саласында оқытуды жүзеге асыратын Қазақстандағы жеке меншік университет. 1963 жылы құрылған, қазіргі атауына 2016 жылдан бері ие. Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша 5 кәсіптік мектеп, ғылыми-зерттеу орталықтары, ғылыми-білім беру департаменттері, колледж кіреді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Тарихы Атаулар Жылдар Оқу орнының атаулары:1963—1991 Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің «Алматы халық шаруашылығы институты» мемлекеттік мекемесі (АХШИ)1991—1993 Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті» мемлекеттік мекемесі1993—2000 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (ҚазМБА)2000—2001 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі2001—2002 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ)2002—2014 «Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» акционерлік қоғамы («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» АҚ)2014—2016 Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ («Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ» АҚ)2016—2020 «Нархоз университеті» АҚ2020—қазірге дейін «Нархоз университеті» КЕАҚ

АХШИ КСРО Үкіметінің 1963 жылғы 9-мамырдағы «Жоғары және орта арнайы білім беруді одан әрі дамыту, жас мамандарды даярлау мен пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес «Алматы халық шаруашылығы институты» (АХШИ) 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінің базасында ашылдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.Казахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0).

Алғашқы жылдары институт күндізгі және сырттай оқыту формасына ие үш факультеттен тұрды: жоспарлау-экономикалық, есеп-экономикалық және қаржылық-несиелік. 1964 жылы АХШИ-де 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды. 1973 жылға қарай оқытушылар саны 330ке жетті, 7 ғылым докторы  болды, ал кандидаттықты 125 адам қорғады. Осы жылдар ішінде сол кездегі «Правда» көшесінде Студенттік жатақханалар кешені (1969 жылы), Оқу-зертханалық кешен, Дене шынықтыру кешені, «Молодежный» санаторий-профилакторийі және т.б.-лар пайдалануға берілді (1973-1974 жылдары) . Сонымен бір мезгілде институтта Жоғары экономикалық мектеп құрылды, онда жұмыс орнынан қол үзбей оқуға мүмкіндік болды. АХШИ-дің филиалдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ашылдыКазахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0).

1967 және 1970 жылдары АХШИ студенттердің еңбегі, тұрмысы мен демалысын үздік ұйымдастыру бойынша Бүкілодақтық жарыстарда жеңімпаз атанды. 1972 жылы ол Республиканың 46 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан КП-ның ОК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумі, Министрлер Кеңесі мен  Қазақ КСР Кәсіподағының (Қазсовпроф) Естелік Қызыл Туымен марапатталды . АХШИ-дің студенті Анатолий Назаренко классикалық күрестен 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері атандыКазахский экономический университет // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. — ISBN 9965-9746-4-0. (CC BY-SA 3.0).

1982 жылы институт құрамында «Жоспарлық-жабдықтау», «Жоспарлы-экономикалық», «Есеп және экономикалық», «Қаржы-кредиттік» пен  «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» факультеттері, кешкі оқыту, перспективалық жоспарлау және болжау кадрларын қайта даярлау жөніндегі факультеттер, дайындық бөлімшесі (курстар), еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару бойынша тұрақты жұмыс істейтін курстар, Шымкент, Ақтөбе және Целиноград қалаларындағы филиалдар, аспирантура, 32 кафедра, Оқытудың техникалық құралдары зертханасы, кітапхана (471 мың том) жұмыс істеді. 1981-1982 оқу жылында институтта 10 мамандық бойынша 10 205 студент, 12 — 111 аспирант оқыды, 540 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторы, 218 доцент және ғылым кандидаты, 2 Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі, 2 Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкеріАлма-Ата. Энциклопедия / Гл. ред. Козыбаев М. К.. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1983. — С. 384. — 608 с. — 60 000 экз..

ҚазМЭУ – ҚазМБА – ҚазЭУ 1991 жылы 8-шілдеде Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы халық шаруашылығы институты Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті болып қайта құрылдыhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/P910000413_. 1993 жылы 25-ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін Қазақ мемлекеттік басқару академиясына айналдыру туралы» Жарлық шығардыhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/U930001120_https://adilet.zan.kz/rus/docs/P930000426_.

1994 жылы университетте «Экономика» баспасы және өзінің баспаханасы ашылды. 1996 жылы «ҚазМБА Хабаршысы» ғылыми журналының бірінші нөмірі шықты, алғашқы магистрант түлектер дүниеге келді. 1997 жылы Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы филиалдар базасында ҚазМБА Аймақтық оқу орталықтары құрылды, 1999 жылы Астанадағы филиал «Экономика және қаржы» институты болып қайта құрылдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2..

2000 жылдың 23-мамырында Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша ЖОО-ға Тұрар Рысқұловтың есімі берілдіhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/P000000775_.

1995 жылдан бастап Еуропалық Одақ бағдарламасы шеңберінде ҚазМБА-ны әрі қарай мемлекет меншігінен алуды көздейтін ТАСИС шетелдік консультативтік көмек жобасын іске асыру басталдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.. 2001 жылдың 2-сәуірінде Үкіметтің Қаулысы бойынша ЖОО жекешелендіру және әрі қарай мемлекет меншігінен алу үшін «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылдыhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/P010000434_.

2001 жылдың соңына дейін ЖОО-ның 100% акциясы жеке меншікке берілдіhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/P000000912_, 2002 жылы «Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ЖАҚ («Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ болып қайта құрылдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2..

2008 жылы ЖОО жанынан Халықаралық бизнес мектебі (IBS) ашылдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2.. 2010 жылы университет Еуропалық білім беру кеңістігіне кіріп, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойдыПервый экономический вуз Казахстана: история развития АИНХ—КазЭУ 1963—2013. — Алматы : Изд. «Экономика», 2013. — 432 с. — ISBN 978-601-225-552-2..

2011-2013 жылдары Қызылорда, Атырау, Шымкент, Павлодар, Семей қалаларында Аймақтық Қашықтан оқыту орталықтары ашылды .

2014 жылғы 3-желтоқсанда университет ребрендинг рәсімінен өтіп, «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет» АҚ болып өзгертілді .

Қазіргі заманы 2016 жылы Университет өз атауын «Нархоз университеті» АҚ деп өзгертті.

2016-2021 жылдары университетті шетелдік келесі ректорлар басқарды: Кшиштоф Рыбинский (Польша), Эндрю Вахтель (АҚШ), Станислав Буянский (Ресей, АҚШ). Білім беру және ғылыми қызметтің құрылымы мен мазмұнын жаңғырта отырып, Нархозды заманауи бәсекелестік университетке айналдыру процесі туралы мәлімделді. Атап айтқанда, жаңа факультеттер, кафедралар құрылды, бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары құрылдыhttps://informburo.kz/stati/narhoz-mozhet-stat-liderom-sredi-vuzov-v-centralnoy-azii-o-chyom-govorili-na-narxoz-insight-.html. 2020 жылдан бастап Университетте қос диплом бағдарламасы енгізілдіhttps://weproject.media/articles/detail/rektor-universiteta-narkhoz-o-perekhode-na-onlayn-obuchenie-i-poluchenii-diploma-vuza-velikobritanii/.

2020 жылғы 13-наурызда «Коммерциялық емес акционерлік қоғам» мәртебесін беру жолымен Нархоз университетін мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған қоғамды коммерциялық ұйымға айналдыру мүмкін емес, ал алынған табыс тек даму, инфрақұрылым мен академиялық процесті жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылардың кәсіби дамуын арттыруға бағытталады.

2020 жылдың қарашасында ректор С. Г. Буянский: «2021 жылы Университеттің ұйымдық құрылымы батыстық типтегі модернизациядан өтеді, ректор лауазымы жойылып, Президент пен провост арасындағы өкілеттіктер бөлінеді», - деп мәлімдеді.

2023 жылдың мамыр айында Нархоз университеті блокчейн-технология негізінде NFT-дипломдар платформасын құру жөніндегі жобаны іске қосатынын жарияладыhttps://optimism.kz/2023/05/26/blokchejn-i-obrazovanie-narhoz-perehodit-na-nft-diplomy/.

2024 жылғы жағдай бойынша Университетте 34 бакалавриат бағдарламасыhttps://abiturients.kz/universitet-narhoz/ , 29 магистратура бағдарламасы және 8 докторантура бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіледі.

Рейтингтердегі Университет РейтингЖылПозицияУниверситеттер рейтингі QS EECA 20202020https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2020251-300QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Governance) 2023https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ 306QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Environmental sustainability)2023https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ 413QS World University университеттерінің рейтингі Rankings: Sustainability (Equality)2023https://narxoz.edu.kz/global/global-network/rankings-accreditations-memberships/ 770QS Stars рейтингтік жүйесі 20232023https://www.topuniversities.com/universities/narxoz-university4 жұлдызRankings 2023: Орталық Азия 20232023https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings/central-asia/2023?search=narxozАзияда — 451-500, Орталық Азияда — 23.Университеттердің тұрақтылық рейтингі UI GreenMetric2023https://narxoz.edu.kz/global/kz/global-network/rankings-accreditations-memberships/ 730«Атамекен» ҰКП өткізген ЖОО-лар білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі2023https://inbusiness.kz/ru/last/novyj-rejting-vuzov-sostavili-v-kazahstaneТүлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жеке ЖОО-лар рейтингінде 1-орынАкадемиялық адалдық лигасының рейтингі 20242024https://newtimes.kz/obshchestvo/184962-opublikovan-ezhegodnyi-reiting-kazakhstanskikh-universitetov1 орынQS World University университеттерінің рейтингі Rankings 20252024https://www.topuniversities.com/universities/narxoz-university1001-1200Университеттер рейтингі Times Higher Education2024https://www.timeshighereducation.com/impactrankings#!/length/25/name/Narxoz/sort_by/rank/sort_order/asc1001-1500

Мектептер Экономика және менеджмент мектебіhttps://kk.narxoz.kz/sem/ Құқық және мемлекеттік басқару мектебіhttps://kk.narxoz.kz/slpp Цифрлық технологиялар мектебіhttps://kk.narxoz.kz/ste/ Бизнес мектебіhttps://narxoz.edu.kz/nbs Гуманитарлық мектепhttps://kk.narxoz.kz/hhs

Ғылыми орталықтар Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы (GERC)https://kk.narxoz.kz/research/institutes/gerc . Қазақстандағы Тұрақты дамуды зерттеу институты (SKRI)https://narxoz.edu.kz/research/institutes/skri. HR зерттеу орталығы (HRRC). Жібек жолы істері орталығы (SRCC)https://narxoz.edu.kz/research/institutes/srcc.