Филипп Франсуа Жозеф Леба (;1765 жыл, Фреван - 1794 жыл 28 шілде, Париж) - Ұлы француз революциясының қайраткері, адвокат. Революцияға қатысуы Максимилиан Робеспьердің ісін жалғастырушы. 1792 жылы Ұлттық конвенттің мүшесі болып сайланды. Король Людовик XVI-ны өлтіруге дауыс берді. 1793 жылы қазанда Луи Антуан Сен-Жюстпен бірге Конвент комиссары ретінде Рейнге, ал 1794 жылы қаңтарда революциялық Францияның Арден әскеріне жіберілді. Термидорлық төңкеріс кезінде контрреволюционерлерге қарсы ұйымдастырылған әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған соң өзін-өзі өлтірген. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Франция тұлғалары Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1765 жылы туғандар Санат:1794 жылы қайтыс болғандар