Йожеф Реваи — венгр жұмысшы қозғалысының қайраткері, Венгр Халық Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, әдебиет зерттеуші.
Қызмет жолы 1918 жылы қарашада Венгрия коммунистік партиясын құруға қатысты. 1926–1930 жылдары - ВКП ОК Шетелдік бюросының мүшесі. Коминтерннің 6-конгресіне қатысушы. 1937 жылдан ВКП ОК мүшесі. 1945–1948 жылдары ВКП ОК саяси бюросының, 1948–1952 жылдары - Венгр еңбекшілер партиясы ОК Саяси бюросының мүшесі. 1953–1956 жылдары - ВХР Президиумы председателінің орынбасары. 1956 жылы ВЕП ОК Саяси бюросының, 1957 жылдан Венгр социалистік жұмысшы партияссы ОК мүшесі атанды. «Кельчеи», «Эндре Ади» атты тарихи және әдеби зерттеу т.б. еңбектердің авторы. Венгр Ғылым Академиясының құрметті мүшесі. Кошут атындағы сыйлықтың лауреаты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 жыл, 9 том
Дереккөздер
Санат:Венгрия тұлғалары