Махадев Говинд Ранаде - Үндістанның қоғам және саяси қайраткері, экономист. Бомбей президентігі Заң шығару советінің мүшесі. Үндістан ұлттық конгресі басшыларының бірі. Махадев өзінің еңбектерінде Үндістанның отарлық тонауға түскенін айқын көрсетіп берді. Махадев ұлттық ірі өнеркәсіпті дамытуды, банктер ұйымдастыруды жақтады, ағылшын отаршыл өкімет орындарынан Үндістан кәсіп орындарына көмек көрсетуді талап етті. Жерге жеке меншікті нығайтуды көздеді. Махадев Үндістан ұлттық буржуазиясы идеологиясының қалыптасуына зор ықпас жасады.
Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том Санат:Үндістан тұлғалары