Евгений Михайлович Лавренко (1900 жыл 11 ақпан, Харьков - 1987 жыл 18 шілде, Ленинград) – кеңес геоботанигі және ботаник-географ. КСРО ғылым академиясының академигі (1968). Еңбек жолы Харьков университетінің жаратылыстану бөлімінде оқыған. Харьков ботаникалық бағында 1929 жылдан Харьков ауыл шаруашылығы институтында (1931 жылы профессор), 1934 жылдан КСРО ғылым академиясының ботаника институтында жұмыс істейді. Бүкіл одақтық Ботаника қоғамының президенті. Моңғолия, Қытай, КСРО далалары мен шөл өңірлерінің өсімдігін зерттеген. Еуразия, Солтүстік Африканың шөл, дала аймақтары өсімдіктерінің картасын жасаған. Марапаттары КСРО ғылым академиясының В.Л. Комаров атындағы сыйлығын 2 рет алған. 2 рет Ленин ордені, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені және медальдармен наградталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Ботаниктер Санат:Академиктер Санат:1900 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар