Қырымошаған (Medicago minima) - жоңышқа туысына жататын шөптесін өсімдік. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 10-40 см, көп бұтақты, ірі бөбе жапырақты, жапырағының ұзындығы 10 мм, тікенді. Гүлі қоңырау пішіндес, сары, ұзындығы 5 мм, баданасы домалақ, ұшы имек тікенді, көп тұқымды. Ерте көктемде гүлдейді. Таралуы Қырымошаған Солтүстік Африка, Иран, Ауғанстан, Үндістанда, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Орта Азия, Кавказда таралған. Қазақстанда Теріскей, Күнгей, Қырғыз Алатауында, Тянь-Шаньда кездеседі. Тау беткейінде, эфемерлі өсімдіктер арасында сортаң жерлерде өседі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Бұршақтар тұқымдасы