Михаил Афанасьевич Стельмах(24.05.] 1912 жыл, Винницк облысы, Дьяковцы селосы) - украин кеңес жазушысы, Социалистік Еңбек Ері (1972).
Өмірі Кедей шаруа отбасысында туған. Винницк педагогикалық институтын бітірген (1933). 1945 - 53 жылдары УССР ҒА Өнер тану, фольклор, этнография институтында жұмыс істеді.
1936 жылдан шығармалары жариялана бастады. Оның "Өсіп - өнген туыс" (1949 - 50, КСРО Мемлекет сыйлығы, 1951),
"Адам қаны - су емес" (1957),
"Нан және тұз" трилогиясы (1959, Лениндік сыйлық,1961),
"Шындық пен өтірік" (1961),
"Өзің туралы ой" (1969) романдары бар. 7-ші шақырылған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.
Сыйлықтары 3 рет Ленин ордені және басқа 4 орденмен, медальдармен марапатталған. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 415 бет
Дереккөздер
Санат:24 мамырда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Винница облысында туғандар Санат:Украина жазушылары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:КСРО жазушылары