Шүйнеккөл – Сырдария алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылынан оңтүстікке қарай 13 км жерде, теңіз деңгейінен 189,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 3,62 км2, ұзындығы 5,9 км, ені 1,1 км. Жағалық сызығының ұзын 19,2 км. Жағалауы жайпақ, батпақты, сор келген. Оңтүстік-батысында Шошқакөл батпағы орналасқан. Көктемде Көкқиясай өзені құйып, су деңгейі көтеріледі. Шүйнеккөл суы кермек, бірақ мал суаруға жарамды.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Сауран ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы