Шұбартарауыз – Арал теңізінің солтүстігіндегі түбек.

Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде.

Сипаты Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 20 км-ге жетеді; құрлықпен жалғасқан жері 3 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 181 м. Батыс жағасын Жиделі, шығысын Бутаков шығанағы шайып жатыр. Беті жазық. Палеогеннің құмсаздақты жыныстарынан түзілген. Түбектің оңтүстік жағалауы жарқабақты, террасалы, солтүстігі көлбеу.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Арал теңізі түбектері Санат:Қызылорда облысы географиясы